"КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК"

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»

3 просмотров

"КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК"


«Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалында 2020 жылдың жоспарына сәйкес «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы өтті. Негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру болып табылады. Осы бағытта аудандық «Қазақ соқырлар» қоғамдық ұйымының зағиптар ұжымы өтініш білдірген болатын. Өтініште көрсетілгендей оларға жыл сайынғы емделуге жіберілетін шипажайлардың шалғай мекеннен берілуі, өздері бас қосатын мекеменің ішіне қажетті массажға арналған кушетка, жихаздардың жетіспеушілігі көмекті қажет етті. Сонымен қатар, оларға аудандық спорт бөлімі тарапынан шахмат және шашкамен қамтамасыз етіліп, жылына 1 рет жарыс ұйымдастыру жөнінде шешілді. Мүгедек жандар арасында қолөнерге жақын азаматар Рысқұлов және Ақбиік а/о мәдениет үйлерінен штат бөлініп, қолөнерге қажетті материалдармен қамтамасыз етілетін болды. Жиын соңында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне осы бағытта жұмыс істеу бойынша әр бағытта тапсырмалар беріліп, партия бақылауында болатындығы алға тартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *