КЕЙУАНАҒА КЕРІЛГЕН КІМ?

КЕЙУАНАҒА КЕРІЛГЕН КІМ?

41 просмотров

КЕЙУАНАҒА КЕРІЛГЕН КІМ?

Көзі көруден, құлағы естуден, аяқ-қолы қимылдан қалған. Бұл 95 жастағы түркістандық тыл ардагері Жезтай Купаеваның басындағы жағдай. Кейуана бүгінде төсек тартып жатып қалған. Ұлының айтуынша инсульт алып, үш жылдан бері дәрігердің есебінде тұрады. Бетінде қатерлі ісік тері базиломасы бар. Бұл диагноздың бәрін дәрігерлер мақұлдаған. Бірақ, тыл ардагерінің ұлы Рахымбек Купаевтың айтуынша төрт айдан бері анасын мүгедектікке шығара алмай әлек болуда. Есік қағып барған дәрігерлер жол мен жөн сілтеп шығарып салып, жәрдемақыға қол жеткізу үшін төрт ай ауруханада ем алу керектігін алға тартқан көрінеді. Ал, ардагердің жағдайы күн санап нашарламаса жақсармайтыны дәрігерлерге де мәлім дейді арыз иесі.

КЕЙУАНАҒА КЕРІЛГЕН КІМ?КЕЙУАНАҒА КЕРІЛГЕН КІМ?

 «Анамыз біраздан бері төсекке таңылған. Жұмыс жасауды қойып күні бойы осы кісіге қараймын. Күніне 4-5 мәрте жаялығын ауыстырып, ас-ауқатын беремін. Ағымдағы жылдың басынан бері мүгедектікке шығаруға кіріскен едім тірлігім өнбей келеді. Бар мақсатым мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан берілетін көмекке қол жеткізіп, анамыздың күнделікті ауыстыратын жөргек-жаялығы мен жүріп тұруына көмек беретін мүгедек арбасы берілсе көп көмек болар еді.  Осы күні әр дәрігердің табалдырығын тоздырдым. Шақшадай басым шарадай болды. Түркістан қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Серікбайқызына барғанымда «учаскелік дәрігерге сенбеймін, ауруханада жату керек» деген уәж айтып, «қол қоймаймын, өзің қарай алмайсың ба, жаялығын алуға шамаң жоқ па» деп келеке етті. Содан төрт айдан бері сандалып келемін. Анамыздың енді төрт ай өмірі бар-жоғын Алла біледі. Бұл мерзім жазылып кетуге мүмкіндігі бар адамға арналған жүйе болуы керек», — дейді Рахымбек Купаев.

КЕЙУАНАҒА КЕРІЛГЕН КІМ?

Біз Рахымбек Купаев жазған арызын қолымызға алып Сәуле Исахованың есігін қақтық. Қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары бұл әженің жағдайымен таныс екендігін айтты. Ал, бұған дейін арыз иесі емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаевқа 2 рет, Сәуле Исахованың алдына 3 рет, бас дәрігердің орынбасарларының алдына 2 рет болғандығын жеткізген еді. Алайда, тек бас дәрігерге барғанда ғана қозғалыс болғандығын айтады. 5-6 дәрігер келіп қарап, тексеріп емдеу шараларын жасауға кейуананың денсаулығы көтермейтінін ескерткен. Біз бас сұққаннан кейін ғана бас дәрігердің орынбасары өзі барып көрді.

         «Жезтай Купаева 1926 жылы туылған. «Д» есепте  Артериялық гипертензия диагнозымен 2020 жылдан наурыз айынан бастап тұрады. 2021 жылы ақпан айында  баласы Рахымбек Купаев келіп анасын мүгедектікке шығару керек екенін айтты. Өздігінен жүре алмайтын болғандықтан науқастың ұлының шағымын қарап бейінді мамандарды  онколог, невролог, хирург, офтольмологты жібердім. Мамандар көрігінен кейін болжамды(предварительный) диагнозы қойылды. Осы диагнозды нақтылау (окончательный) үшін клиникалық хаттамаға сәйкес тексерулер жүргізіледі және диагноз нақтылағаннан соң емдік іс шаралар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауы 5ші бөлімінде  Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының  тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді делінген.

Осы уақытқа дейін науқас қажетті тексерулерден өткен жоқ және тиісті ем қабылдаған жоқ. Бізде науқас туралы мәліметтер КМИС  базасында тіркеледі, сол базада науқасқа көрсетілген емдік іс шаралар жазылады. Науқаста жоғарыда көрсетілген организм функцияларының  тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін 031 нысаны  мүгедектік белгілері болған жағдайда толтырылады», — дейді Сәуле Исахова.

Басын тауға да, тасқа да ұрған арызданушы төрт ай ішінде емхана табалдырығын тоздырған. Дәрігерлер арызды оқымай, ауызыңды аштырмай жүйкеңді жұқартып «футболить» етіп бір біріне сілтеп құтылуды әдетке айналдырғандығын алға тартады. Айына алатын 69 мың зейнетақысы кейуананың дәрі-дәрімегінен артылмайтын көрінеді.

Біз білетін рухани шаһарда мұндай жайттар жиі кездесіп жатады. Осы мәселе өз шешімін таба ма? Әлде ардагердің аянышты жағдайы аяқ асты қалып кете бере ме?

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *