КЕЛЕСТЕ КӨКТЕМГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

КЕЛЕСТЕ КӨКТЕМГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

108 просмотров

КЕЛЕСТЕ КӨКТЕМГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Еліміздің солтүстік аймақтарында қытымыр аяз өз дегенін көрсетіп жатқан болса, оңтүстік өңірге көктемнің шуағы шашылып, табиғат ана өзінің жылы желімен жергілікті тұрғындардың көңілін шат-шадыманға бөлеуде.

 Келесте  көгалдандырудың көкжиегіне айналу межесін бастап жіберді. Тұңғыш Елбасымыздың Жарлығымен өз алдына дербес аудан болып құрылған Келес ауданының орталығы — Абай ауылында ағаш егу науқаны бастау алды. Аудан әкімінің өткен жылды қорытындылап, есеп беру кездесуінде халыққа айтқан сөзінде, биылғы жылы аудан орталығы сонымен қатар, ауданға қарасты 11 ауылдық округте абаттандыру жұмыстары жанданатындығын жеткізген болатын.

КЕЛЕСТЕ КӨКТЕМГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Айналаны абаттандыру — белгілі бір құрылыстық ғимараттың аумағын, айналасын эстетикалық және практикалық талғамдарға сәйкес көркейту, жайландыру болып табылғанымен, көгалдандыру жұмыстары абаттанудың басты айғағы болып табылады.

КЕЛЕСТЕ КӨКТЕМГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Осы мақсатта Абай ауылының орталық көшелері, атап айтсақ, Т.Рысқұлов және Д.Қонаев көшелерінің бойына 500 түп можжевельник көшеті мен 500 түп плакучий тутовник көшеттері егілуде. Одан бөлек былтырғы жылы аудан орталығында орналасқан көше жиектеріне ағын су жүретін, арнайы арықтар қазылған болатын. Ағымдағы жылы ауыл билерінің ұйымдасуымен сол арық бойларына 200 түп қара тал, тұт, терек сынды ағаштардың көшеттері қондырылды. Жалпы бұдан бөлек, 2236 түп жеміс ағаштары мен қатар, ауылдың келбетіне көрік беретін көшет түрлері егілу жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *