КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

12 просмотров

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІМемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Келес ауданында онлайн форматта жәрмеңке өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен жүзеге асуда.

Іс-шара аясында онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту,оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие білім беру, дипломмен ауылға бағдарламалары, спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті жəне аумақтық органдардың білікті мамандары ақпарат берді.Тікелей эфир барысында салалар жөнінде жауапты мамандар арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде мемлекеттік қызмет жәрмеңкесінің маңызы, тиімділігі мен сапасы жөнінде айтылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *