Коронавирустан бірге сақтанайық!

Коронавирустан бірге сақтанайық!

50 просмотров

Коронавирустан бірге сақтанайық!

Мемлекетімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап барлық оқу орындары — қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырылды. Карантин кезінде еліміздегі белсенді ерікті жастар игі іспен де айналысып, медициналық бетперде таратып, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетті. Онымен қоса, кейбір жастар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, әртүрлі онлайн-байқауларға қатысып жүлделі болуды да ұмыт қалдырмады. Жастардың жанашырлығы мен белсенділігі көңілімізге үлкен үміт пен сенім ұялатады.

Кенеттен келген вирус расында адамзатқа бұл өмірдегі маңыздылықтарды түсіндіргендей… Біздің үстімізге киіп жүрген бағасы қымбат бренд киімдер, қолымызға ұстаған соңғы маркалы ұялы телефон мен қымбат темір тұлпар тізгіндеу індетке қарсы тұра алмайтындығын, күнделікті өмірде тазалықтың маңыздылығы мен ағайын-туыстың жақындығын, шын мәнісінде бақыттың мәні — отбасы мен денсаулықта екендігін, адам өмірінің аса қымбат екендігін түсіндіріп берген сыңайлы.

Майданда қару асынып, күндіз-түні елінің тыныштығын күзеткен жауынгерлер секілді дәрігерлер қауымы халық өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелге бел буып, алапат аурумен күресуде. Біздер ауыр кеселге айналған жұмбақ вируспен арпалысып жатқан адам жанының жанашыры, ақ халат киген жер бетіндегі періштелерге алғысымыз бен құрметімізді жеткіземіз. Балабақшасын сағынған бүлдіршіндер, мектебіне барар күнді тосыла күткен оқушылар мен университет-колледжін сағынған студенттер қауымы осы тұста оқу орындарының басшылығына және оқытушы-професссорлар құрамының ерен еңбегі үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, сәлем жолдауда. Коронавирустан бірге сақтанайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Ералы ҚАМБАР,

Түркістан қалалық “Жастар ресурстық орталығының” директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *