МӘМС-КЕ ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН УАҚЫТША БОСАТЫЛҒАНДАР КІМДЕР?

МӘМС-КЕ ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН УАҚЫТША БОСАТЫЛҒАНДАР КІМДЕР?

23 просмотров

МӘМС-КЕ ЖАРНА ТӨЛЕУДЕН УАҚЫТША БОСАТЫЛҒАНДАР КІМДЕР?


МӘМС жүйесіндегі жеңілдік жасалған кезең 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Төтенше жағдай жарияланған кезде отандық кәсіпкерлерге жасалған жеңілдіктер және жүйедегі орын алып жатқан өзгерістерге байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Лаура Сапарбековамен сұхбаттасқан болатынбыз.

— Лаура Діләдбекқызы, жүйеге қатысушыларға жеңілдік кезеңі жариялануына не себеп?


-Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін әрбір адамға ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызметтер тегін және толық көлемде көрсетіледі. Бұл кезеңде ел азаматтары Қорға аударымдар мен жарна төлеген-төлемегеніне қарамастан, жаппай шартты түрде сақтандырылған болып саналады.
Алайда, азаматтар мен жұмыс берушілер ай сайын міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Айта кетерлігі, қандай да бір себептермен медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін төлем жасаған адам жеңілдік кезеңі өткеннен соң сақтандырылмаған санатына кіреді. Сонымен қатар, медициналық қызметтерді тек бір пакетте – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ғана алады. Сондықтан жүйеге әріқарай қатысуы үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, яғни МӘМС пакеті бойынша пайдаланылған қызметтердің 6 айлық ақысын төлеуі қажет.
-МӘМС-ке жарна төлеуден уақытша кімдер босатылады?


-«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 Қаулысына сәйкес кәсіпкерлер аталған кезеңде жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдар жасамайды және оларда берешек болмайды. Ірі бизнестің 10 санаты – 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнестің 29 санаты – 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды. Ал, кәсіпорындардың қызметкерлерінде сақтандыру мәртебесі сақталады. Нөлдік ставкамен салықтық есеп тапсырған жағдайда, кәсіп иесіне жарна төлемегені үшін өсімақы мен айыппұл да салынбайды. Ұлттық экономика министрлігінің болжамдық есептері бойынша, елімізде 923 мың кәсіпкер төлемнен босатылды.
Сондай-ақ, 2020 жылғы 1 наурыздан бастап эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленген үстемеақыдан да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарна ұсталмайды.
-МӘМС-ке төлем жасаудан босатылған ірі бизнестің түрлеріне кеңінен тоқталып өтсеңіз…


-Үкімет қаулысымен бизнестің 10 түрі топтастырылды. Оған автомобильдердің, жеңіл автокөлік құралдарының, мысалы, мотоциклдің, автомобиль бөлшектерінің және сауда алаңы 2 мың шаршы метрден аз және одан көп сауда объектілеріндегі керек-жарақтардың бөлшек саудасы, жол бойындағы техникалық қызмет көрсету станциялары өндірісінен басқа автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметі кіруі мүмкін. Дәріханалар, тамақ өнімдері, сусындар мен темекі өнімдерінің саудасын қоспағанда, ірі сауда желілеріндегі, стационарлық сауда объектілеріндегі, сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда да жатады.
Ірі бизнеске әуе жолаушылары көлігінің қызметі, қонақ үйлер мен ұқсас қызмет көрсету, мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызмет, меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару, дәріханаларды және тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерінің бөлшек саудасын қоспағанда, коммерциялық үй-жайларды жалға беру жатады. Жоғарыда аталған бизнес өкілдері ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қарамағындағы қызметкерлері үшін жарна төлеуден босатылды.

-Ал, шағын және орта бизнес бойынша МӘМС жарнасынан қандай қызметтер босатылды?


-2020 жылдың 1 қазанына дейін жалдамалы қызметкерлер үшін аударым жасаудан төмендегі шағын және орта бизнес өкілдері босатылды. Шағын және орта бизнеске де ірі бизнеске жататын қызметтер кіреді. Құқық саласындағы қызметтер бойынша заң кеңесшілері, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар. Ал, коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультанттар, туристік агенттіктер мен туроператорлар, санитарлық-эпидемиологиялық, ауруханалық және санаториялық-курорттық ұйымдар, мектепке дейінгі жеке меншік, бастауыш және орта оқу орындары, жеке дәрігерлік практика, стоматология, концерт және театр залдары, фитнес-клубтар, тоқыма және химиялық тазалау, шаштараз және сұлулық салондары да кіреді.

-МӘМС жүйесіне жарнаны жеке кәсіпкерлер қалай төлейді?

-Егер жеке кәсіпкер жалдамалы қызметкерлері болса және қызметі ірі немесе шағын және орта бизнес санатына жатса, олар жеңілдік кезеңінде аударымдарды төлеуден толық босатылады. Өзге жағдайда жеке кәсіпкер өзі үшін ай сайын 1,4 ЕТЖ-ның 5% төлеуге міндетті, оның сомасы биылғы жылы 2 975 теңгені құрайды.


-Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кімдер кіреді?


-Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Дейтұрғанмен, 1 175 АЕК дейін немесе жылына 3,2 млн теңгеге дейін табысы бар барлық жеке тұлғалар жатады. Мұндай азаматтар үшін арнайы оңайлатылған салық режимі – бірыңғай жиынтық төлем қарастырылған. Осы арқылы бірден үш қорға – зейнетақы жинақтау, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыруға қатысуға болады.
Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе 2 651 теңге. Басқа елді мекендерде тұратын адамдар үшін — 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге. Салық Кодексінің 775 — бабына сәйкес бұл төлем 1 қаңтардағы АЕК мөлшеріне қарай белгіленді.
Сондай-ақ, бұл төлемді әрбір есептік айда төлеу қажет екенін ескерген дұрыс. Төлемді өткізіп жасауға болмайды. Егер төлем қандай да бір себептермен дер кезінде төленбеген жағдайда, берешекті дербес төлеуші ретінде 1 ЕТЖ-дан 5% немесе 2 125 теңгені төлеуге болады.
-Мәселен, азаматтық-құқықтық және мезгілдік еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің жарна төлеу тәртібі қалай жүргізіледі?
-Азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға үшін салық агенті немесе қызметке тапсырыс беруші шарт сомасының 1% МӘМС жүйесіне ұстап қалады. Егер азамат еңбек шартымен екінші компанияда жұмыс істейтін болса, ол үшін жұмыс беруші медициналық сақтандыру Қорына аударымдар жасайды. Онда ол негізгі жұмыс орнынан анықтама алып, азаматтық-құқықтық шарт бойынша тіркелген компанияға көрсетуі тиіс. Бұл ретте, ұсталған аударымдар шекті табыс 10 АЕК немесе 425 мың теңгеден аспауы тиіс.
-Жүйеге жұмыссыз және табысы жоқ азаматтардың қатысуына жағдай қарастырылған ба? -Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарын 15 жеңілдік жасалған санатқа бөлінген болатын. Оның ішінде, жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер бар. Олар ақша төлемейді, бірақ мемлекет есебінен сақтандырылған санатына кіреді.
Егер жеңілдік санатқа кірмеген болсажүйеде «сақтандырылмаған» деп шығып тұрса, Азаматтарға арналған үкіметке жүгінуі қажет. Кез келген мәртебе автоматты түрде беріледі.

-Ал, азамат жеңілдік санатқа кірмеген не болмаса жеке кәсіпкер ретінде де тіркелмеген болса не істеуі қажет?


-Мұндай жағдайда дербес төлеуші ретінде кез келген екінші деңгейлі банк, Касса24, Qiwi, Халық банк терминалдары, Kaspi мобильдік қосымшасы арқылы өз-өзіне 1 ЕТЖ 5% немесе 2 125 теңге мөлшерінде жарна аударғаны жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *