МАҚТААРАЛДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МАҚТААРАЛДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

17 просмотров

МАҚТААРАЛДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы халық арасында арасында “бетонка” атанып кеткен “Сапар” базарында Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторлары мен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің әкімі Нұрғали Елшібаев, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері, кәсіпкерлік палатасы мен құқық қорғау органдары рейдтік шарасын жүргізді.

Мұндағы басты мақсат – әлемді әбігерге салып, лебі оттың жалынындай жас-кәріге қарамастан шарпыған covid19 пандемиясының тұрғындар арасында кеңінен таралуына жол бермеу, сақтық шараларын пысықтау, базар саудагерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл ретте жұмылған жұдырықтай іске кіріскен жұмысшы топ өкілдері әрбір сатушымен жеке-жеке тілдесті. Оларға сақтық шараларын сақтауды жіті түсіндірді. Сондай-ақ әлемді алаңдартқан бұл дертің таралмауы сіз бен біздің қолымызда екендігі баса айтылды. Асханалар мен наубайханалардағы санитарлық тазалық нормаларының сақталуын назарға алды. Жіберілген кемшіліктерге байланысты бірқатар азаматтарға ескерту жасап, маскалық режимнің сақталуын қатаң талап етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *