
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлының тапсырмасына сәйкес аудандық төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы кенттер мен ауылдық округтердегі адам көп жүретін қоғамдық орындар мен көшелерде, автобекеттер мен балабақшалардың ғимараттарында covid19 індетіне қарсы залалсыздандыру жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр. Халық – мемлекеттің басты байлығы. Елдің қамы үшін жасалып жатқан залалсыздандыру жұмыстары тұрғындар арасында індеттің жайылуына жол бермей, алдын алуға септігін тигізбек.

Жалпы бұл жұмыстарды жүргізуге қауіпсіздік ережелері толық сақталған. Арнайы киімдері мен құрал-жабдықтары бар бірнеше мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы арнайы техникалар жұмылдырылып, саябақтар, гүлзарлар, базарлар мен басқа да қоғамдық орындар, күнделікті адам жиі жүретін көшелер мен аяқжолдар залалсыздандырылуда.
Ал, кәсіпкерлердің өз есебінен залалсыздандыру жүргізіліп жатқан қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік дүкендері, дәріханаларға аудан әкімдігі тарапынан құрылған арнайы комиссия қатаң бақылау жүргізіп отыр.