МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ БІРГЕ!

МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ БІРГЕ!

194 просмотров

МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ БІРГЕ!

Мақтааралда орын алған төтенше жағдай жеке кәсіпкерлерді де бей-жай қалдырмады. Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Қуаныш» ЖШС-і сауда орталығының кәсіпкерлері «Біз біргеміз!» акциясына үн қосып, мақтааралдық ағайындарға гуманитарлық көмек көрсетті. Сауда орталығының директоры — Инара Намазбаева бастаған бір топ кәсіпкерлер үйлері суға кетіп, дүние-мүліктерінен айрылған отбасы мүшелері мен эвакуацияланған аймақтағы Мақтаарал жұртына азық-түліктен бастап, гигиеналық заттар, төсек орын жабдықтары және ыдыс-аяқ, ерлер, әйелдер, балалар киімдері мен су жаңа аяқкиімдерін жинады. Кәсіпкерлер тарапынан табысталған өнімдер арнайы қораптарға салынып, жүк көлігіне тиеліп, мақтааралдық ағайынға жөнелтілді.

Одан бөлек аты-жөндерін жасырған кәсіпкерлер қаржылай да үлес қосты. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына ең қажетті өнімдердің қатарында гигиеналық заттар тұр. Жиналған қаражатқа тағы да балалар жаялығы, сабын, сусабын,кір жуғыш ұнтақ секілді заттар сатып алынды.

МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ БІРГЕ!

Орталық директорының бастамасын бір ауыздан қолдай кеткен кәсіпкерлердің сауапты ісіне сауда орталығының ұжымы түгелдей атсалысып, жиналған заттарды буып-түйіп қол жәрдем көрсетті.


Ақмарал Ғаниқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *