«Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз етуге күш саламыз

«Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз етуге күш саламыз

11 просмотров

«Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз етуге күш саламыз

Түркістан қаласы облыс орталығы атанғаннан кейін басқа қалалардан көшіп келген отбасылардың есебінен бізде оқушылардың саны жыл санап артып келеді. Жобамен айтар болсам, жаңа оқу жылын 45000-ға жуық оқушымен бастаймыз деп отырмыз. Ал, 1 сынып оқушылары жайлы айтар болсам, мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерге қиындық болдырмау жағын қарастырып жатырмыз. Яғни 1 сыныпқа қабылданатын оқушыларды санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып мектеп қабырғасында оқыту жоспарда бар.

Жыл сайын жаңа оқу жылы алдында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, демеушілер аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп келеді. Енді биыл осындай демеушілерге ноутбук, компьютер немесе планшет алып берулерін ұсынып отырмыз. «Мектепке жол» акциясында біз негізінен оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз етуге күш салатын боламыз.

Сонымен қатар, бізде жыл бойы үнемделген қаржы бар. Сол қаржыны да осы мақсатта жұмсау жоспарымызда бар. Оқушы санына қарай бұл да жеткіліксіз болатыны түсінікті. Сондықтан бюджеттен тағы да қосымша қаржы сұрауға тура келеді. Біз осы жоспарларымызды толық іске асырып, оқушыларды техникалық байланыс құралдарымен түгел қамтамасыз ете аламыз.

Ақмарал Батырбекова,

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *