
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы облыс әкімдігі алдында жүріп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексеріп, шаһарда жуық арада пайдалануға берілетін нысандарды аралады. Қала басшысы жол жиегінде қураған ағаштарды мердігерлерге арадағы келісімшарт негізінде қолға алып, жаңасын отырғызуды тапсырған болатын. Белгілі болғандай, қураған ағаштар алынып, орнына мердігерлер есебінен жаңа көшеттер егілуде.

Қазіргі таңда рухани шаһарда салауатты өмір салтын ұстануға ерекше көңіл бөлінуде. Әкімшілік-іскерлік орталықтағы олимпиада резервін даярлау орталығының есігі ашылған болса, бассейнді спорт кешенінің құрылысы жүруде. Бассейнді спорт кешені шілде айына дейін аяқталады деп күтілуде. Мұнда суда жүзуден бөлек, хореография, футбол, волейбол сынды түрлі үйірмелер болады.
«Аймақ-ақпарат»
⠀