ШЫМКЕНТ: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаты

ШЫМКЕНТ: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаты

58 просмотров

ШЫМКЕНТ: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаты

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 500,0 млн.теңгеге тұрғын үй сертификатын беру қарастырылғандықтан, 2021 жылдың шілде айының 26 жұлдызынан бастап төлем қабілетін растаған азаматтардан өтініш пен құжаттар қабылданады.

Тұрғын үй сертификаттарын алуға құқығы бар санаттар тізбесі:
🔹мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 🔹«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
🔹толық емес отбасылар;
🔹Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер.

Қажетті құжаттар тізбесі:

❗️ нысан бойынша өтініш;
❗️өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат;
❗️соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
❗️ жұмыс орнынан анықтама;
❗️ қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің хаты.

Құжат тапсырылатын орын:
Өтініштер мен құжаттар ✨«кezekte.kz»✨интернет ресурсы арқылы қабылданады.
Әрбір азамат және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.