ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАНДЫ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАНДЫ

13 просмотров

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАНДЫ

Індетпен күрес әлі де жалғасуда. Мұндайда жұмылған жұдырықтай бірлесе әрекет етіп сақтық талаптарын сақтасақ жеңіп шығатынымызға сенім мол. Алайда, тәртіпке бағынбай жүргендерде баршылық екені жасырын емес. Өз жақыныңызбен туыстарыңыздың жағдайын ойласаңыз мейілінше үйде қалуға тырысыңыз. Ал, лажсыз шығуға тура келсе сақтық талаптарын қатаң ұстану керек. Мәселен бетпердені міндетті түрде тағып қолды жиі сабынмен жуып залалсыздандырып тұру керек.

Талап пен тәртіп нәтиже береді. Бұл ретте Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазіргі таңда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі карантин талаптарының сақталуы мен залалсыздандыру шараларының талапқа сай жүзеге асырылуын қатаң бақылауында ұстап келеді.

Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жансерік Орынбаевтың мәлімдеуінше бүгінде пневмония диагнозымен стационарлық емде 55 науқас бар. Жалпы бұл дерттен 628 азамат емделіп, отбасына оралған.

Аудан бойынша 187 дәрігер мен 688 мейірбике тұрғындар саулығы үшін қызмет етуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *