Р.АЮПОВ: ҚАЗІР ҚАНДАЙ ДА КӨМЕК МАҢЫЗДЫ!

Р.АЮПОВ: ҚАЗІР ҚАНДАЙ ДА КӨМЕК МАҢЫЗДЫ!

152 просмотров

Р.АЮПОВ: ҚАЗІР ҚАНДАЙ ДА КӨМЕК МАҢЫЗДЫ!

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қиын сәтте кәсіпкерлерді халыққа көмек көрсетуге шақырды.

Рухани шаһардың басшысы Р.Аюпов дертінен біршама айығып қызметке сақтық талаптарын сақтай отыра кірісетінін әлеуметтік желіде оқырмандарымен бөлісті. Тағайындалғанына бір жыл болған қарт қаланың басшысы өз жазбасында тілекші болған жандармен ем-дом жасаған ақ халаттыларға алғысын жеткізді.

«Осы екі апта ішінде дұғада болған әр біріңіздің арқаңызда, Алла қалауымен, ел қатарына қайта оралуға мүмкіндік бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан, қолдарынан келгенше, қолдап аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Осындай заманда әр бір жан үшін ажалмен арпалысуға бар жігерін тынбастан салып жүрген абзал адамдардың мерейі үстем болсын әрдайым! Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі мүше жұмысын тоқтатып, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын бұйырса. Соңғы тест нәтижесі де коронавирустың ағзамнан кете қоймағанын көрсетті. Дегенмен, елге қызмет етуге, мүмкіндігімше, қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарттарын орындай отыра. Дәл қазір жағдай еш бірімізге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін.­
Басымнан өткен қиындықтар тірі жанның басына бұйырмасын деп тілеймін. Осы ретте, барынша сақтық шараларын орындау қажеттілігін тағы бір мәрте естеріңізге салуға рұқсат етіңіздер. Ең маңыздысы: бетперде, достар! Арақашықтық! Тазалық! Өтініш, “сақтанғанды сақтайды” демекші сақ болыңыздар! Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық!»- деп жазды Р.Аюпов.

Сонымен қатар ел басына күн туғанда қолдау көрсетіп демеу болатын кәсіпкерлерді халыққа қол ұшын созуға шақырды.

«Құрметті кәсіпкерлер! Елімізде орын алып тұрған жағдайды бәріміз де көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Сіздерге деген үлкен өтініш: қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық. Біздің қолдан келмегенді сіздер жасай аласыздар. “Халқым үшін бармын!”, “Қолдауға шамам жетеді!” дегендеріңізді жекеге жазуларыңызды өтінемін. Қазір қандай да көмек маңызды!»- деді.
­

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *