Рейд кезінде полицейлер есірткі қолданған күдіктіні ұстады

Рейд кезінде полицейлер есірткі қолданған күдіктіні ұстады

14 просмотров

Рейд кезінде полицейлер есірткі қолданған күдіктіні ұстады

Сайрам ауданы полиция басқарма криминалдық полиция қызметкерлерімен түнгі рейд іс-шарасы барысында жолда келе жатқан жаяу жүргінші күдік тудырды.Полицейлер күдіктенген азаматты тоқтатып, әңгімелесу жүргізді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішкендігі анықталды.
Оған қоса күдіктінің сол аяғына киген шұлығынан ақ параққа оралған есірткі затына ұқсас зат табылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.
Алынған айғақты заттар сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша оның кептірілген «марихуана» екендігі белгілі болды. Салмағы 1 грамнан астам. Бұрын сотты болмаған. Бас шарасы келу туралы міндеттемеде. Қазіргі таңда күдікті азаматтың өзгеде қылмыстарға қатысы бар жоқтығы анықталуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының ағзаға зиянды әсері туралы ескертеді. Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *