РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

74 просмотров

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Өңірімізде тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор археология және сәулет ескерткіштерінің саны – 1663. Оның ішінде халықаралық маңызы бар 1 ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, республикалық маңызы бар 31, жергілікті маңызы бар 422, алдын ала есепке алу тізімінде 1210 (оның 138 сәулеттік,1072 археологиялық) тарихи-мәдени мұра объектілері бар.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ


2019 жылы Түркістан облысы бойынша Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне өзгерістер енгізілді. Үкаша ата кесенесі, Гауһар ана кесенесі, Гарнизон штабы ғимараты, Ишан базар мешіті (Ақмешіт), «Ақсүмбе қарауыл мұнарасы» Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштердің тізіміне енгізілді. «Ақсүмбе», «Ұзын ата» сәулеттік ескерткіштеріне ғылыми сараптама жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.
«Қазақстанның қасиетті, киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 2018-2019 жылдары Түркістан, Кентау қалаларында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде 338 тарихи-мәдени мұра объектілері жаңадан анықталып, есепке алынып, Түркістан, Кентау қалаларының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы шығарылды.
2019 жылы Республикалық бюджет есебінен Сауран, Күлтөбе, Отырар қалашығы археология ескерткіштері мен Әзірет-Сұлтан кешені, Аппақ ишан, Ысмайыл ата, Ысқақ баб кесенелеріне реставрация жұмыстары жүргізілді. Созақ ауданындағы Саңғыл би кесенесің күмбезі демеушілер есебінен қайта салынды.
«Түркістан – руханият бесігі» портфельдік инновациялық жобасы аясында лингво-өлкетанымдық энциклопедия 4 тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын) жарық көріп, арнайы сайты (https://iken-turkistan.kz/) жасалды. Сайтта өңірдің тарихы, табиғаты, танымал тұлғалары, киелі жерлері, тарихи-мәдени ескерткіштері жайлы мәліметтер қамтылған.
2020 жылы басқарма тарапынан Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына байланысты мәдени-бұқаралық іс-шаралар, ғылыми конференциялар, форумдар, өнердің әр саласы бойынша байқаулар мен фестивальдер, көрмелер және ақын-жазушылар, тарихшылар мен ғалымдар, өнер қайраткерлерімен кездесулер, шығармашылық кештері ұйымдастырылатын болады.
«Жоғарыда аталған оңды істер мен алда атқарылар жоспарды және мемлекетіміздің мәдениет саласындағы саясатын, облыс әкімдігінің қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларын іске асыру басқарманың басты жұмыстарының бірі болып қала береді» — деп қорытындылады басқарма басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев.

Ерсұлтан ӘБДІ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *