"РУХАНИ КЕРУЕН ТҮРКІСТАНДА" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«РУХАНИ КЕРУЕН ТҮРКІСТАНДА» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

24 просмотров

"РУХАНИ КЕРУЕН ТҮРКІСТАНДА" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы және облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен бастау алған «Рухани керуен Түркістанда» атты акция жобасының келесі көшін Сарыағаш ауданы жалғастырды. Сарыағаш аудандық орталық кітапханасынан көшті зиялы қауым өкілдері мен қатар жас өнерпаздар әннен шашу шашып, арнау өлеңдерімен бастап келді. «Жаңа қоныс құтты болсын!» деген ниетпен шашу да шашылды. Іс-шараны Түркістан облысы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова мен Сарыағаш ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалбибі Кульгинова ашып, керуеннің маңыздылығына тоқталды.

Әрі қарай кітап көрмелеріне шолу жасалып, «Әл-Фарабидің ғылымға келу жолы» атты қойылымға жалғасты. Үлкен сахна төрінде жазушы, ҚР жазушылар одағы Шымкент филиалының төрағасы Шойбек Орынбаймен «Шыңға шыққан-Шынар» атты кездесу кеші өтті. Сүбелі сұхбатты жазушы, ақын, халықаралық жазушылар одағының мүшесі Қазақстан педагогикалық академиясының профессоры Әбілсапар Тұрғынбаев жүргізіп отырды. Кездесу- сұхбатта Сарыағаш ауданынан келген әнші өнерпаздар әннен шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.

Балалар іс-шарасы екінші қабаттағы балалар бөлімінде жалғасын тауып, жас оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлы дала даналары» атты брейн-ринг интелектуалды ойыны ұйымдастырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *