РУХАНИ ШАҺАР КӨРІКТЕНЕ БЕРЕДІ

РУХАНИ ШАҺАР КӨРІКТЕНЕ БЕРЕДІ

5 просмотров

РУХАНИ ШАҺАР КӨРІКТЕНЕ БЕРЕДІ

Түркістан қаласы халқына жайлы әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс орындарының жөні бөлек. Қазір тұрғындар үшін ыңғайлы жерлерге демалыс орындарының көптеп салынып жатқанын аңғару қиын емес.  Бүгінде «Жеңіс» саябағы, Теміржол вокзалы, «Гүлдер» саябағы сынды бірнеше демалыс орны қайта жаңғыртылып керемет кейіпке енсе,  сонымен қатар жаңадан оннан астам саябақ, аллея мен скверлер салынды. Онда ерекше үлгідегі, суды бу түрінде шашатын субұрқақтар орнатылды. Бұл жұмыстар біз атаған сандармен шектелмейтінін айта кету керек. Алдағы уақытта көрікті орындар мен саялы жайлар саны арта бермек. Айта кетерлігі, жайлы орынның жағдайына да баса мән беру қажет. Ел игілігі үшін жасалған дүниеге әрбір азамат жауапты. Сондықтан рухани шаһар тұрғындарымен қонақтары қаладағы жаңа нысандарға ұқыптылықпен қарап, жауапкершілікті терең сезінген абзал. Біздің ұқыптылығымыз қала көркіне қосқан мол үлесіміз болып табылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *