САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛЫП, «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» СОҒЫЛДЫ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛЫП, «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» СОҒЫЛДЫ

86 просмотров

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛЫП, «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» СОҒЫЛДЫ

  Бүгін рухани шаһардағы №19 жалпы орта мектебінде биылғы оқу жылының аяқталуына орай «Соңғы қоңырау» соғылды. «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» тақырыбы аясында өткен жиынға аталмыш оқу орнының биылғы бітіруші түлектерімен мектеп ұжымы, ата-аналар, адами капиталды дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысты. Елдегі төтенше жағдайға байланысты мерзімі кейінге шегерілген салтанатты шараға арнайы ат басын бұрған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов мектеп бітірушілерге сәттілік тілеп, үздіктерге «Алтын белгі» мен аттестатты табыстады.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛЫП, «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» СОҒЫЛДЫ

  2004 жылы ашылған орта оқу орнында бүгінде 1600-ге жуық оқушы білім алып, 135 мұғалім еңбек етуде. Биылғы оқу жылында білім ошағын 41 түлек бітіріп, 7 оқушы «Алтын белгі», 1 оқушы «Үздік аттестат» иесі атанып отыр. Жиын барысында індетке қарсы сақтық шаралары қатаң сақталып, оқушылардың өнерлері тамашаланды. Ата-аналар сөз алып, балаларын білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына ақжарма тілектерін айтып, алғыстарын жеткізді.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛЫП, «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» СОҒЫЛДЫ

  Айта кетейік, биыл облыс орталығындағы жалпы орта білім беретін мектептерді 1507 оқушы бітіріп отыр. Олардың ішінде 1150 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Ал, 116 оқушы «Алтын белгі», 46 оқушы «Үздік аттестат» алды.

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

«Аймақ».  

One thought on “САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ САҚТАЛЫП, «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» СОҒЫЛДЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *