Сайрам: Аудан ажарланып келеді

Сайрам: Аудан ажарланып келеді

36 просмотров

Сайрам: Аудан ажарланып келеді
Сайрам ауданы өңіріміздегі ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аймақ. Тұрғындары еңбеккке жақын келетін аудан бүгінде ажарланып келеді. Қазіргі таңда аудан көлемінде 1 276 шақырым автокөлік жолдары бар (22 шқ- республикалық, 162,1 шқ- облыстық, 140,5 шқ- аудандық маңызы бар, 951,7 шқ- ішкі шаруашылық автомобиль жолдары),оның 55,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Ауылды көркейтуге арналған Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында барлығы 306,5 млн.теңгеге 23 шақырым 18 көше орташа жөндеуден өтуде.
Ерекше тоқталатын нысан, соңғы 40 жылда жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолына биыл орташа жөндеу жүргізілуде (құны 845,0 млн.теңге), Облыс әкімінің тікелей қолдауымен жөнделген жол жыл соңында толық пайдалануға берілмек.
Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2019 жылғы 48,5%-дан 2020 жылы 55,5%-ға жетсе, 2021 жылы 60%-ға жетеді деп күтілуде. Жасалып жатқан игі істер аудан тұрғындарын қуантуда. Аудан ажары айрықшаланып көркейіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.