САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ КООПЕРАТИВ ШҰЖЫҚТЫҢ 50-ГЕ ЖУЫҚ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ КООПЕРАТИВ ШҰЖЫҚТЫҢ 50-ГЕ ЖУЫҚ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

5 просмотров

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ КООПЕРАТИВ ШҰЖЫҚТЫҢ 50-ГЕ ЖУЫҚ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

Түркістан облысындағы Сайрам ауданының Қарасу ауылында«Алма» шаруашылық өндірістік кооперативі шұжық өнімінің 47 түрін дайындайды. Өндіріс орны 2006 жылы іске қосылған. Жер көлемі 0,45 гектарды құрайтын шұжық цехы айына 1 тонна өнім өндіреді. Кооператив бүгінде 23 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер Ақылбек Шалқаров жаңа цех ашу жоспарымен қосымша ғимарат дайындаған. Әзірге қажетті техникалық жабдықтауға тағы 50 млн теңге қаржы қажет дейді кәсіпкер. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрген өндіріс орны шикізатты «Шұбар» асыл тұқымды кешені» ЖШС, «Delice» ЖШС, «Сынар Групп» ЖШС-нен алады. Өнім бүгінгі таңда тек ішкі нарықта саудалануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *