САЙРАМ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕКІНШІ ӨНІМІН АЛУҒА ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ

САЙРАМ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕКІНШІ ӨНІМІН АЛУҒА ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ

16 просмотров

САЙРАМ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕКІНШІ ӨНІМІН АЛУҒА ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ
Сайрам ауданы Құтарыс ауылдық округіне қарасты Оймауыт елді мекенінің тұрғындары егістік жерлерінен екінші өнім алуға дайындығын бастап кетті. Ағын су тапшылығына қарамастан олар өз әрекеттерін жасауда.
Арыс өзенінен бастау алатын «Боз Оймауыт» каналына су деңгейі көтерілмей қалуына байланысты ауылдық әкімдіктің ұйымдастыруымен каналдың бастау алатын арнасы Арыс өзені жағалауының ең төмен орнатылған жеріне дейін қазылды.
Ауыл азаматтары да қарап отырмай, асар жолымен сол арнаға Арыс өзенінің суын бұру үшін қамыстан уақытша бөгет жасап, егістік алқаптарына ағын су жеткізуде. Екінші өнім алатын күн алыс емес. Біріге жұмылған тірлік нәтижесіз болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *