САЙРАМ: Ынтымағы бар ауылға бәрі де құмар

САЙРАМ: Ынтымағы бар ауылға бәрі де құмар

9 просмотров

САЙРАМ: Ынтымағы бар ауылға бәрі де құмар
Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округ басшыларының сайлануы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.
Ел тарихында алғаш рет өткізілген жаңашылдыққа ауыл тұрғындары белсене қатысты. Тікелей сайлаудың ерекшелігі сол, атқамінерлерді аудандық мәслихат депутаттары емес, ауылдағы ағайынның өзі сайлады.
Бүгін ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидат Нажиев Маъмуржан Сентябрұлы Қарамұрт ауылдық округінің әкімі лауазымына кірісті.
– Расында, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізілді. Аудан тұрғындарының тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. «Ынтымағы бар ауылға бәрі де құмар» ауызбіршіліктеріңіз нығайып жоспарға сай өздеріңіз қолдап, сайлаған Мамыржан ұлдарыңызға демеу болыңыздар, -деді Уласбек Сәдібекұлы.
Нажиев Маъмуржан, 1981 жылы 20 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қарамұрт ауылында №3 жалпы орта мектепке 0,5 мөлшерлемесімен ротор бастаған. 2008 жылы №37 жалпы орта мектебінде инновация істері бойынша директордың орынбасары, 2016 жылы №37 жалпы орта мектебіне директор, 2017 жылы 17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін Қарамұрт ауылдық округінің әкімі қызметін абыройлы атқарып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.