САЙРАМДА МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

САЙРАМДА МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

52 просмотров

САЙРАМДА МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Карантин талаптарын сақтаудың ең қарапайым ережесі — арақашықтықты және маскалық режимді сақтау. Ел саулығын сақтау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Сайрам ауданы басшысы Ұласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев бастаған мобильді топ Қарабұлақ ауылындағы дәмханаларды аралап карантиндік режим орындалуын бақылады.
Алты дәмхана жұмыстарына мониторинг жүргізілді. 2 «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар — «Азада апа» және «Карасу» дәмханалар жұмысымен танысып, қалған 4 нысанға ескерту берілді.
«Ashyq» жобасына тоқтала кетсек. Бүгінде кез келген формада (ауру белгілері бар не белгілері жоқ) Covid-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қолтаңбасымен растайды. Алайда көп жағдайда өзін-өзі оқшалау режимі бұзылып жатады. Аурып қалған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, коронавирустың таралуына себепші болады. Ashyq қосымшасы осындай келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.
Ashyq мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба жоқ па анықтауға мүмкіндік береді. Яғни жобаға қатысушы – бизнес субъектісі қолданылып жатқан санитарлық нормалармен (маска, термометрия, бөлмені желдету және тағы басқа) қоса қосымша бақылау жүргізеді. Келушілер мен персоналдың індетті жұқтырып алу қатері азайғандықтан жоба келешекте бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.