САЙРАМДЫҚ ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

САЙРАМДЫҚ ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

7 просмотров

САЙРАМДЫҚ ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ
Түркістан облысы Сайрам ауданы бойынша шілде айында Ақсу өзенінде күніне орта есеппен 10м³/сек ағын су келуде. Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес, суды тиімді пайдалану мақсатында ағымдағы жылдың 11-15 шілде аралығында Орта Ақсу су бөгетінен Бөген су қоймасына күн сайын орта есеппен 4 м³/сек су жіберілуде.
Сондай-ақ Түркістан облысы, Арыс қаласы және Отырар ауданы шаруалары Сайрам ауданы басшылары мен шаруаларына алғысын білдіруде.
Аудан шаруаларына судың қалған бөлігі аудандағы 47 каналдарға аударма жасау арқылы кезекпен бөлініп берілуде. Шаруашылықтардың ағын суға деген сұраныстары қанағаттандырылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.