САРЫАҒАШ: БЮДЖЕТТІ ИГЕРЕ АЛМАҒАНДАР СЫНАЛДЫ

САРЫАҒАШ: БЮДЖЕТТІ ИГЕРЕ АЛМАҒАНДАР СЫНАЛДЫ

17 просмотров

САРЫАҒАШ: БЮДЖЕТТІ ИГЕРЕ АЛМАҒАНДАР СЫНАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен өткізілген аппараттық жиында 3 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан бюджетінің 2021 жылдың 9 айының қорытындысымен атқарылуы және 1 қарашаға болжамды атқарылуы туралы ауданның қаржы және экономика бөлімінің басшысы Ғ.Мейманбаев баяндама жасады. Аудан бюджетінің 10 айдағы болжамды игерілуі 99,5 %-ға күтілуде екенін жеткізді.

Аудан басшысы бюджет қаражатын игере алмаған жағдайда мекеме басшыларына шара қолдану қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, аудандық статистика басқармасының басшысы Н.Бекжановтың аудан аумағында ұлттық халық санағын өткізу барысы туралы есебі тыңдалды. «Ағымдағы жылдың қазан айында аудан бойынша дәстүрлі негізде аралау кезінде санақ парақтарындағы сауалнамаларға жауап беріліп, жалпы онлайн негіздегі сауалнама мен дәстүрлі аралау кезіндегі сауалнама жалпы халық санына шаққанда 103%- ын құрады» — деп өз баяндамасында халық санағының жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Соңғы мәселе, жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтардың қол жетімді мал азығымен қамтамасыз ету барысы туралы ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің міндетін уақытша атқарушы М.Тұрлыбеков атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне ағымдағы жылы бөлінген қаржыны толық игермеген мекемелерге жыл соңына дейін қаржыны толығымен мақсатты игеруді және халық санағын жоғары деңгейде жүргізуді жүктеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *