
Жиын барысында теолог маман Н.Тәжібай дін мен мемлекеттің арақатынасы жайында тоқталып өтті.аудан аумағындағы діни жағдайға тоқталып, қоғамымызда ортамызда қауіп төндіріп отырған ағымдардан сақ болуға шақырды. Кездесу барысында дінтанушы маман ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері болып табылатын аудиторияға жалпы кездесулер барысында кездесетін және халық тарапынан көп қойылатын мәселелерге кеңірек тоқталып өтті. Осындай мәселелердің қатарына еліміздегі деструктивті діни ағымдардың қоғамға қатері және алдын алу жолдары, теріс діни ағымдардың әрекет ету жолдары, соның ішінде интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану түрлі діни және басқа да топтардың негізгі әрекет ету аймағы екені түсіндірілді.
Өз кезегінде қатысушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Осындай сұрақтар қатарына ата-аналармен түсіндіру жұмыстары қай деңгейде жүргізіліп жатыр? Себебі көп ата-аналар рухани тұрғыдан сауат деңгейі төмен. Осыған байланысты қандай жұмыстар жүргізілуде. Теолог маман ауыл тұрғындарымен кездесулер тұрақты түрде өткізілетінін, алайда мұндай жиналыстарға қатысуға онша құлық танытпайтыны жеткізді.