ШАРДАРАДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ШАРДАРАДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

9 просмотров

ШАРДАРАДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Тағдырдың түрлі тәлкегімен кезінде қазақ топырағына табаны тиіп, бақытын тауып, ұрпағын өрбітіп отырған көптеген ұлттар мен ұлыстардың құт мекеніне айналған Қазақстан бүгінде бейбітшіліктің құт мекені. Саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың үздік үлгісі бола білген отанымыз әлем елдеріне үлгі болып отырғаны біз үшін үлкен мақтаныш.

«1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесін Шардара ауданының жұртшылығы жоғары деңгейде атап өтті. «Абай» атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы мен зиялы қауым өкілдері, аудандағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қатысты.

«Бүгінде күн санап қарыштап өсіп, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан әлем елдеріне үлгі болып отырған бейбітшіліктің, тұрақтылықтың, бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған. Тағдыр тәлкегімен елімізге қоныс аударған әрбір ұлт пен ұлысты, этнос өкілдерін бауырына басып, бір үзім нанын бөліскен біздің ата-бабаларымыздың кеңпейілділігі көптеген ұлттардың ұрпақ өрбітуіне жағдай жасады, мүмкіндік берді. Міне, соның нәтижесінде бүгінде біртұтас мемлекетімізде Қазақстан Халқының Ассамблеясы құрылып, ынтымағымыз нығая түсуде» ,- деген аудан басшысы жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, ақ тілектерін жеткізді.

Мерекелік құттықтаудан соң Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы демографиялық жағдайдың өсуіне үлес қосып жүрген көпбалалы аналарға мемлекет басшысының жарлығымен берілген «Алтын» және «Күміс» белгілерді салтанатты түрде табыс етіп, бірқатар азаматшаларды алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты. Ел тарихының кешегісі мен бүгінінен сахналастырылған қойылымдар көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *