ШЫМКЕНТ: Көгалдандыру жұмыстары жалғасады

ШЫМКЕНТ: Көгалдандыру жұмыстары жалғасады

10 просмотров

ШЫМКЕНТ: Көгалдандыру жұмыстары жалғасады

Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үй аулалары мен көше бойындағы ағаштарды бұтау , суару және көгалдандыру жұмысы «Build Stroi» мердігер мекемесі атқарып отыр.

Ал санитарлық тазалау жұмысы белгіленген кесте бойынша, сонымен бірге тұрғындардың сұранымы негізінде жүргізілуде.

Аудан аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен көше қиылыстарындағы жол белгілерінің көріну аумағындағы жасыл желектерін қырқу жұмысы да күнделікті атқарылып жатыр.

Тазалыққа жауаты жұмысшылардың еңбегін аудан тұрғындары тарапынан бағаланып, алғыс пен ризашылық көңілдерін білдіруде.

Айта кетсек, бұл бағыттағы жұмыстарды аудан әкімі аппараты бақылауға алынып, бақылауында және тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһарда жасыл желектердің аумағын ұлғайту мақсатында Абай ауданында биыл 28 мың шаршы метр газон, 32 мыңға жуық ағаш көшеттері егілді. Аталған жұмыстар мердігер мекеме «Biuld Stroi» ЖШС тарапынан атқарылды.

Қазіргі таңда газон егуге жерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары Арғынбеков көшесінің бойындағы аяқ жол мен асфальт жолдың арасындағы бос жатқан жерлерге атқарылады.

Газон егумен қатар, әр түрлі ағаш көшеттері де отырғызылатын болады. Бұл өз кезегінде тек қана көрік беру үшін ғана емес, қаланың ауасының тазаруына да көп септігін тигізетін болады.

Жалпы аудан бойынша негізгі көше бойларында 65118,2 шаршы метр аумақта газон егілген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында арнайы шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, күтіп-ұстау және баптау жұмыстары күнделікті бақылауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *