ШЫМКЕНТ: Мұқтаж отбасыларға жан – жақты көмек көрсетілуде

ШЫМКЕНТ: Мұқтаж отбасыларға жан – жақты көмек көрсетілуде

26 просмотров

ШЫМКЕНТ: Мұқтаж отбасыларға жан – жақты көмек көрсетілуде

«Нұрсәт» өнер мектебі мен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан, көпбалалы, мұқтаж отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында және бірлесе жұмыс жүргізу туралы 23 маусым 2021 жылы меморандумға қол қойылды.
🎯Меморандум мақсаты – мемлекет пен ҮЕҰ арасында тиімді жұмыс істейтін диалог алаңын ұйымдастыру, әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелерді бірлесіп қарастыру арқылы Шымкент қаласында көпбалалы, мұқтаж отбасыларға жан – жақты көмек көрсету бойынша бірлескен іс – қимылдарды жүзеге асыру.
☑️Осы меморандумға сүйеніп, «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы «Нұрсәт» өнер мектебіне Шымкент қаласының көпбалалы, мұқтаж отбасылардың 6 – 16 аралығындағы жалпы 50 балаға төмендегі тегін курстарға қатысуға шақырады.
📌Көркем сурет:
1️⃣ Ұстаз – Турмахан Баян
Дүйсенбі, Сәрсенбі, сағат 11.00 – 12.30
Өтетін орын: 104 кабинет
Қатысуға болатын балалардың жас аралығы: 6 – 15 жас

2️⃣Ұстаз – Атаджанова Диера
Дүйсенбі сағат: 11.00 – 12.30
Сәрсенбі сағат: 13.30 – 15.00
Өтетін орын: 115 кабинет
Қатысуға болатын балалардың жас аралығы: 6 – 15 жас

📌Қол өнер:
Ұстаз – Алибекова Райхан
Сейсенбі, Бейсенбі, сағат: 12.30 – 14.00
Өтетін орын: 214 кабинет
Қатысуға болатын балалардың жас аралығы: 12 – 15 жас

📌Киім дизайны:
Ұстаз – Ботантаева Сымбат
Дүйсенбі, Сәрсенбі, сағат: 15.00 – 16.30
Өтетін орын: 214 кабинет
Қатысуға болатын балалардың жас аралығы: 12 – 16 жас

📌Хореография: HIP – HOP
Сейсенбі, Бейсенбі, сағат: 10.00 – 11.00
Өтетін орын: Хореография залы
Қатысуға болатын балалардың жас аралығы: 12 – 16 жас

❗❗❗Ескерту: Алғашқы өтініш беріп, тіркелген жалпы саны шектеулі 50 балаға өтініш қабылданады.
Курсқа жазылу үшін
📞 8 707 615 96 87 телефон номеріне хабарласыңыздар📝

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.