ШЫМКЕНТ: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» атты челленджі

ШЫМКЕНТ: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» атты челленджі

21 просмотров

ШЫМКЕНТ: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» атты челленджі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Елорда күніне орай «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Шалғайды елді мекендердегі жағдайды жақсарту» басымдығын орындау мақсатында Шымкент қаласының Қаратау ауданында сенбілік өтті.

Сенбілік барысында партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық аспап арқылы мәдениет, өнер туындыларын, ұрпақтар сабақтастығын және тарихқа деген құрметті насихаттай отырып, «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» атты челленджін қолдай отырып, тұрғындарға күйлер тарту етілді.

Шарада жастарға ұлттық музыкалық аспаптар насихатталып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын іс-шаралар алдағы уақытта да «Shymqala» этноауылында көптеп ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын «Shymqala» этноауылын тамашалауға шақырамыз.

Сенбілік іс-шара Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Аслан Алимбектың қолдауымен, «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты және Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қатысуымен өтті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.