ШЫМКЕНТ: Шілдеде 2 электр станцияның құрылысы аяқталады

ШЫМКЕНТ: Шілдеде 2 электр станцияның құрылысы аяқталады

31 просмотров

ШЫМКЕНТ: Шілдеде 2 электр станцияның құрылысы аяқталады

Шалғай аудандардағы инфрақұрылым мәселесін шешу басты назарда тұрғанын жеткізді. Мәселен, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистралдық және 10 елді мекенге ауыз су құбыры, кәріз жүйелері бойынша 3 магистралдық және 16 ішкі орамдық нысандардың, табиғи газ бойынша №3 АГРС және 2 магистралдық, 11 елді мекенге газ құбырлары, электр бойынша 3 подстанция және 15 елді мекенге ішкі жүйелер құрылысы  жүргізіліп жатыр.

Шілдеде Бозарық қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Нәтижесінде биыл жыл соңында ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, газбен 93 пайызға,  сапалы электрмен 97 пайызға жететін болады.

Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 220 кВ «Бозарық» қосалқы стансасының таратушы көзі «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «ГПП-2» ҚС-ын қайта құру жұмысының 89 пайызы аяқталған.

Сонымен қатар «1-М-1» қосалқы станциясындағы құрылыс жұмыстары жүруде. Қазір станциясының құрылысы 90 пайызға аяқталған. Құрылыс шілде айында толық аяқталуы жоспарланып отыр. Бұл электр тарату станциясы пайдалануға берілсе, 4 елді мекендегі 70 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтылады. Олар – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай және Қайнарбұлақ тұрғын алабтары.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.