ШЫМКЕНТТЕ «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПƏТЕРЛЕР БЕРІЛМЕК

ШЫМКЕНТТЕ «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПƏТЕРЛЕР БЕРІЛМЕК

39 просмотров

ШЫМКЕНТТЕ «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПƏТЕРЛЕР БЕРІЛМЕК

Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қаласы филиалы Instagram әлеуметтік желісінде мәлім етті.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасы аясында пəтерлер ұсынады. Тұрғын үй кешені, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Нұрсəт мөлтек ауданында орналасқан. «Бақыт» тұрғын үй кешенінде (2-ші кезекте) шаршы метрі 180 000 теңгеден болатын арнайы бағамен сатылатын пәтерді алу үшін, шотыңызда алғашқы жарнасы болып, пəтерді САТУ БӨЛІМІ арқылы брондап, төлем қабілетті растап ала аласыз! Бұл бағдарламаның ерекше тұсы, атыңызда мүлік болса ала аласыз!», — делінген мәлімдемеде.

ШЫМКЕНТТЕ «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ПƏТЕРЛЕР БЕРІЛМЕК

Айта кетерлігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы пәтерді ипотекаға алу мүмкіндігі бар.

Тұрғын үй кешені боййынша Сату бөліміне хабарласып, пəтердің жобасымен таныс бола аласыз! Мекен-жайы: Шымкент қ., Қонаев д. 38, «Рахат» тұрғын үй кешені (Appaq Ana).

Еске сала кетсек, 2019 жылы Шымкентте 524 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өсімі жағынан республикада алғашқы үштіктің қатарында. Жалпы өткен 3 жылда 1,3 млн.шаршы метр тұрғын үй салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *