ТҮЛКІБАСТА ӨЗЕН БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮЛКІБАСТА ӨЗЕН БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР КҮШЕЙТІЛДІ

9 просмотров

ТҮЛКІБАСТА ӨЗЕН БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданын теңдей екіге бөліп тұрған Арыс өзені біршама елді мекендерді кесіп өтеді. Жылда көктемгі және күзгі толассыз жауған жауын-шашынның өзен арнасынан су деңгейін көтеретіні айтпасада белгілі жайт. «Қыс қамын жаз ойла»-демекші, осы ретте аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен мамандардың болжамына сәйкес алдағы уақытта қауіп тудыруы мүмкін деген Майлыкент ауылдық округіне қарасты өзен арнасының 320 метр құрайтын аумағына күшейту жұмыстары төтенше жағдай қаржысы есебінен жүргізілді. Бұл өзеннің арнадан асып кетпеуіне тосқауыл болып, су басу қаупінің алдын алмақ. Алдағы күндері бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табады. Яғни, арнайы мамандар өзен арнасын толық зерттеп, қауіпті деген аумақтар толығымен күшейтіліп қайта ретке келтіріледі.

ТҮЛКІБАСТА ӨЗЕН БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Естеріңізде болса ағымдағы жылдың көктем мезгілінде өзен бойындағы қауіпті біршама аймақтар аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен реттелген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *