
Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек екені айтпасада белгілі. Бастапқыда қиындықтар кезігер. Бастысы, жобаңызды тереңінен зерделей біліп, қаржыны мақсатты жұмсай білсеңіз, еңбегіңіз зая кетпесі анық.
Бүгінде Түлкібас ауданында мал бордақылау кәсібінің қыр-сырын меңгеріп, өз шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің қатары артып келеді.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сәйкес биылғы жылы 74 кәсіпкер 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын салуды жоспарласа, соның 64-і жоспарларын жүзеге асырып, өз жұмысын бастап кетті.
Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жалпы 117 мал бордақылау алаңдарында 1550 бас жылқы, 3400 бас ірі қара, 700 бас уақ мал бордақылануда.