ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ПАНДЕМИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕГЕРІЛГЕН ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ САММИТЫ НАУРЫЗ АЙЫНА ЖОСПАРЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ПАНДЕМИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕГЕРІЛГЕН ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ САММИТЫ НАУРЫЗ АЙЫНА ЖОСПАРЛАНДЫ

20 просмотров

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ПАНДЕМИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ШЕГЕРІЛГЕН ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ САММИТЫ НАУРЫЗ АЙЫНА ЖОСПАРЛАНДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанды одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының туристік және қалалық инфрақұрылымы құрылыстарының жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Yassi.tur.kz сайты Elbasy.kz сайтына сілтеп.

Нұрсұлтан Әбішұлына «Керуен сарай» кешенін таныстырып сонымен қатар «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпараттар берді.

Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы Түркістанды түлету туралы қабылдаған шешімді Қазақстан халқы қолдағанын баса айтты.

«Бүгін біз Түркістанның жаңа нысандарымен таныстық. Олар қаланың жаңа көрікті жерлеріне, бүкіл Қазақстан мен әлем азаматтары мен туристерінің назарын аударатын орынға айналады. Түркістанның ауқымды құрылысы бүкіл аймақтың экономикалық дамуына түрткі болады », – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың аймақтық орналасуы, сондай-ақ оның түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесі Орталық Азия интеграциясының болашақ алаңы болатындығын да айтты.

«Біз Түркітілдес елдердің Саммитін Түркістанда өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты ол кейінге қалдырылды. Егер бәрі ойдағыдай болса, оны Наурыз айында өткіземіз деп ойлаймын», – деді Елбасы.

Елбасы сонымен бірге Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

«Мен қаланың және қала халқының саны өсетініне сенімдімін. Мұнда түрлі форумдар, жастарға арналған іс-шаралар және спорттық шаралар өткізу қажет. Осылайша, біз қаланы бәріне таныстырып, көрсетуіміз керек. Түркістанды қайта түлету біздің халқымыз үшін ерекше маңызға ие», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қала мен облыстың одан әрі дамуы мен өркендеуіне сенім білдірді.

Сапар соңында Елбасы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, Қазақстанның рухани астанасының жаңа сапар орталығында орналасқан мұражаймен танысты.

Еске салып өтейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістанға сапары барысында жаңа әуежайды, стадионды және Rixos қонақ үйін аралады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *