Түркістан – ер түріктің бесігі ғой...

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой…

29 просмотров

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой...

Түркістан жерінен табылған тарихи жәдігерлердің санына жету тым қиын. Қарт шаһардың қай жеріне күрек тисе, қойнауына көмілген көп тарихтан сыр шертері сөзсіз. 2000 жылдан астам тарихы бар киелі мекен көне түркінің атажұрты, байырғы қонысы. Оның үстіне өзінің бастапқы келбетінен ғасырлар бойы айрылмай, жылдар бойы жоғалмай, айлармен бірге айшықталып, күн сайын құны өскен тарихи құнды дүниелерден көз сүрінеді. Ата-бабаларымыздың қандай деңгейде дамып, бүгінгі көпшілік көз тіккен еуропалықтарға негізгі мәдениетті апарған біздің арғы тек аталарымыз екеніне Түркістаннан табылған тарихи деректер куә. 

Сөзіміздің шын дәлелі ретінде сонау қаңлы дәуірінен XXI ғасырға дейін қала тіршілігі бір сәтке де тоқтамай, түрлі салынған ескі ғимараттардың табылуын айтсақ болады. Құрбандық шалу орындары, ортағасырлық алып моншалар, мешіттер мен басқа да сәулет кешендері бастапқы қалпында бүгінгі күнге жетіп, жер-жаһанға адамзат дамуының айқын хронологиясындай болып тұр. Ендігі мақсат, 2 жыл бұрынғы берілген облыс орталығы мәртебесі арқасында киелі мекенді әлемге танытар сәт келді. Өзбектің Самарқандынан, түріктің Кониясынан біздің Түркістан еш кем түспейді. Тек танымалдылығын арттырып, туризмін дамытсақ жеткілікті.

Досхан Төлегенов,

«Аймақ».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *