ТҮРКІСТАН КҮН САНАП ТҮРЛЕНІП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН КҮН САНАП ТҮРЛЕНІП КЕЛЕДІ

57 просмотров

ТҮРКІСТАН КҮН САНАП ТҮРЛЕНІП КЕЛЕДІ

Облыс орталығындағы Б.Саттарханов даңғылының төрт жолақты жолы «Қаракөз» мазаратына дейін 6 жолақтыға айналды. Сонымен қатар, даңғыл бойынша салынып жатқан Керуен сарай кешеніне кіреберіс аумақ бойында айналма жол салынуда.

Одан өзге, Шәуілдір бағытынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай аумақтары да төрт жолақты жолға айналды. Сонымен қатар, Жібек жолы, Жангелдин көшелерінде де жолды кеңейтіп, жолақтарын көбейту жұмыстары жүруде. Нәтижесінде, қала ішіне кірмей, тікелей республикалық жолмен өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, күн сайын көлік саны көбейіп жатқан шаһардағы кептелістің туындамауына сеп болады.

ТҮРКІСТАН КҮН САНАП ТҮРЛЕНІП КЕЛЕДІ


⠀Сонымен қатар, болашақта 2025 жылға дейін Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолы қала аумағында қалып, қаланың екі шетінен Шығыс және Батыс айналма жолдары салынады.

ТҮРКІСТАН КҮН САНАП ТҮРЛЕНІП КЕЛЕДІ


⠀Ал, әкімшілік-іскерлік орталықта салынатын барлық жолдар алты жолақты болып салынады. Және де қоғамдық көліктер үшін «Bus lane» белгісі сызылуда.
⠀Жалпы, бүгінде рухани-мәдени аумаққа айналма жол арқылы кіру үшін Батырбеков көшесі құрылысы жүруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *