ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН 406 ТҰЛҒАҒА ШАРА КӨРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН 406 ТҰЛҒАҒА ШАРА КӨРІЛДІ

35 просмотров

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАН 406 ТҰЛҒАҒА ШАРА КӨРІЛДІ

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн қабылдау өтті. Бұл жолы тұрғындардың сұрақтары мен өтініштеріне Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтерідің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов жауап берді. Қабылдау партия филиалының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді.
Нұрбек Нышановтың айтуынша, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап 16 шілде аралығында облыста COVID-19 расталған науқастар саны – 2371. Симптомдармен 857 науқас тіркелсе, симптомдарсыз 1514 науқас тіркелген. Қауіпті індет әлі де елді алаңдатып отыр. Сондықтан мемлекет тарапынан бекітілген карантинді қатаң сақтаған жөн.
Түркістан облысында қауіпті індеттің таралуын шектеу және карантин ережелерін сақтау бойынша 115 мобильдік топ мониторинг жүргізді. Тексеру нәтижесінде санитарлық дезинфекциялық жұмыстардың орындалмауы бойынша 533 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешімімен 406 айыппұл салынып, 57 адамға ескерту берілген.
9509 нысанның иесіне карантин талаптарының орындалуының қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Түсіндіру жұмыстарының барысында карантин талаптарын бұзған 5719 нысан иесіне ескерту актілері берілді.
Департамент басшысы онлайн қабылдауға келіп түскен сұрақтарға жауап берді. Әсіресе дезинфекция жұмыстарын жүргізу, карантин талаптарын сақтау, санитарлық қадағалау және жаз мезгілінде күшейетін жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында сұрақтар жиі қойылды.
«Бұл індеттің таралуын қатаң санитарлық талаптарды сақтау арқылы ғана шектей аламыз. Сондықтан әрбір азамат өзін, отбасын және жалпы қоғамды қорғауға жауапты екенін сезінулері тиіс. Дезинфекция жұмыстары ауру анықталған жағдайда ошаққа тегін жүргізіледі. Ал профилактикалық дезинфекция жұмыстары ақылы түрде жүргізіледі. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар («Хлордезин», «Ди-Хлор-Экстра», «Дезактив-Универсал», «Абактерил», «Алма-Экстра», «Акма-Хлор», «Дезостерил-Премиум», «Хлормисепт-Дюкс» және т.б) құралдар қолданылады. Дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес дайындалу қажет. Өз бойынан вирустың бар екені анықталған симптомсыз тұрғындар үйде оқшауланулары тиіс. Дәрігерлермен байланыс орнатып, үнемі бақылауда болған жөн. Арнайы емдеуді қажет ететін науқастар аруханаларда ем қабылдайды », – деді Нұрбек Нышанов.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының онлайн қоғамдық қабылдаулары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *