ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА КӘСІПКЕР 5 МЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕНІ ТЕГІН ТАРАТТЫ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА КӘСІПКЕР 5 МЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕНІ ТЕГІН ТАРАТТЫ

38 просмотров

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА КӘСІПКЕР 5 МЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕНІ ТЕГІН ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Азала текстиль» фабрикасы мен «Мырзакент» мақта өңдеу зауытына иелік ететін «Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді. «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» акциясы Мақтаарал ауданында жалғасын табуда. Бүгінгі іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, бетперделер мен азық-түліктерді жеткізіп берген «Мырзакент-Холдинг» ЖШС-нің өкілдеріне алғысын білдірді. «Өздеріңізге белгілі, еліміздегі ең ірі тігін кәсіпорны саналатын Шымкент қаласындағы «Азала текстиль» фабрикасына шикізатты ауданымыздағы «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты жеткізеді. Сондықтан бүгін таратылып жатқан медициналық бетперделердің барлығы да Мақтааралдың мақтасынан жасалғанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда ауданымызда 7 тігін шеберханасы күніне 4 мыңнан астам бетперде тігіп, 17 дәріханаға 70-80 теңгеден өткізеді. Өз кезегінде дәріханалар өнімнің бағасын 100-120 теңгеден асырмауы тиіс!» — деді Сәкен Асылханұлы. Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте ауданымыздың жомарт кәсіпкерлері халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. Бүгінгі акция аясында негізінен карантин жарияланған Атакент кентінде тұратын аз қамтамасыз етілген 14 отбасыға тегін медициналық бетперделер мен азық-түліктер үлестірілді. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасының бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды істі жүзеге асыру үшін Мақтаарал ауданы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы белсенді жұмыс атқаруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *