Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында коронавирусқа қарсы дезинфекция жасалды

Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында коронавирусқа қарсы дезинфекция жасалды

98 просмотров

Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында коронавирусқа қарсы дезинфекция жасалды


Қазіргі таңда әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті көптеген елдерде өршіп, біздің елімізде де таралуда. Аталмыш дертті жұқтырған адам саны да, күннен-күнге артуда. Осыған сәйкес елімізде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қаулысымен төтенше жағдай енгізілген болатын. Полицейлер мен медицина мамандары күшейтілген режимде қызмет атқарып, тәулік бойы блок-посттарда жұмыс жасауда.

Түркістан облысы Полиция департаменті ғимаратында коронавирусқа қарсы дезинфекция жасалды


«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп дана халқымыз айтқандай Түркістан облысында да адамдар көп шоғырланған жерлер, ғимараттар мен автожолдар дерттің алдын алу мақсатында дезинфекциялануда. Осындай жұмыстар бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің ғимаратында да жүргізілді. Облыстық департамент басшысының бастамасымен дезинфекциялауды жүргізетін арнайы мамандар шақырылып, ғимараттың іші-сыртына толықтай дезинфекция жасалды.
Сонымен қатар, айта кету керек аталмыш ғимаратқа кіре берісте азаматтардың қызулары өлшеніп, тек бетперде киіп сақтық шараларын ұстанғандар ғана өткізіледі. Ал ғимараттың әр қабатына антисептикалық құралдар орнатылып, хлормен тазалау жұмыстары күнделікті 3 рет жүргізіліп тұрады.
Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің өңірде таралмауы үшін барша тұрғындардан сақтық шараларын қолданып, үйден шықпай, адам көп шоғырланған жерлерге барғанда үнемі қорғаныш бетпердесі мен резіңке қолғап киіп жүру керектігін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *