ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫМЫЗҒА СҰРАНЫС АРТҚАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫМЫЗҒА СҰРАНЫС АРТҚАН

26 просмотров

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫМЫЗҒА СҰРАНЫС  АРТҚАН

Түркістан облысында қымызға сұраныс артқан. Бие сүтіне бұлай сұраныс артуын мамандар елдегі жағдаймен байланыстырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал дәрігерлер ұлттық сусынның адам ағзасы үшін пайдасы мол деген пікірде. Түлкібас – Түркістан облысының табиғаты әсем жерлерінің бірі. Биік таулары, жасыл желегі мен таза ауасы бие байлап, қымыз баптауға таптырмас мекен. Сондықтан мұндағы қымыздың дәмі бөлек, емдік қасиеті ерек дейді мамандар. Оразбаевтар отбасы көп жылдан бері бие сүтін сатумен айналысады. Биыл саумал мен қымызға сұраныс екі есеге артты дейді олар. Индира Оразбаева, Түлкібас ауданының тұрғыны: – Демалушылар келіп, саумал ішіп жатады, күніне 5-6 бие сауамыз. 50 литрдей қымыз алып отырамыз. Қазір пандемия кезінде қымыз сұраныстағы сусын болып кетті. Ата-бабамыздан қалған мұра, қазақтар ет жеп, қымыз ішіп келген. Саумалды жақсы ішеді, сұраныс көп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *