ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты

ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты

89 просмотров

ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты


Бүгін сағат 16:38 шамасында Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент автожолында «ВАЗ» және «Мазда» автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тапты (1 ер адам » ВАЗ » жолаушысы және екі әйел «Мазда» жолаушылары). Жедел-жәрдем көлігінде тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді. «ВАЗ «автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелгені анықталды.

ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты


Оқиға орнында Ордабасы АПБ және Түркістан облысының ПД анықтаушылары жұмыс істеуде. Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатының толық мән-жайы анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *