ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 53 ТҰЛҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 53 ТҰЛҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

32 просмотров

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН БҰЗҒАН 53 ТҰЛҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Бүгінде Түркістан облысында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатындатөтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бұл ретте әлі де ТЖ талабын орындамаған азаматтар көп.

Облыс аумағында бүгінгі күнге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимніңсақталуын яғни төтенше жағдай талабын бұзған 233 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылып, жергілікті сотқа жолданған. Сот шешімімен 157 тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 53 тұлға қамауға алынған. (Арыс-7, Бәйдібек-2, Қазығұрт ауданы-5, Жетісай-7, Мақтаарал-2, Ордабасы-2, Отырар –3, Сарыағаш-4, Келес-3, Түркістан қаласы-4, Сайрам-2, Кентау-9, Төлеби-1, Түлкібас-1, Созақ-1).

Бұдан бөлек,Түркістан қаласы бойынша 41 (қоғамдық тамақтану орындары-15, сауда орындары-8, азық түлік дүкені-15, шаштараз-2, тігін цехы-1) әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, сотқа өткізілген. Оның37-сіне айыппұл салынып, 4 тұлға қамауға алынды.

Ережеге сай, Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс бойынша халық көп шоғырланатын 3500-ге жуық нысанға дезинфекциялау жұмыстарынжүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *