ТҮРКІСТАН ТАРИХҚА ТҰНЫП ТҰР

ТҮРКІСТАН ТАРИХҚА ТҰНЫП ТҰР

44 просмотров

ТҮРКІСТАН ТАРИХҚА ТҰНЫП ТҰР

«Түркістан» десе көз алдымызға бірінші Қожа Ахмет Ясауи кесенесі елестейді. Рухани шаһардың символы саналған зиярат орны бүгінде облыс орталығына туристерді тартудың басты көзі болып отыр.  Қазір мұнда бау-бақшалы жасыл аумақ жүйесі іске асуда. Түрлі жеміс-жидек ағаштары өсетін ботаникалық баумен қатар, киіз үй, сондай-ақ кесене аумағында көшпенділер салты мен дәстүрінен ерекше сыр тартатын, ортағасырлық тұрмыстан айрықша көрініс беретін Этноауыл салынады.Осылайша, Ұлы Жібек Жолы дәуірі тұсындағы келбеті қалпына келтіріліп, кесенеден 700 метр қашықтықта тұрған Күлтөбе қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады.Мавзолейдің мемориалды және саябақ аймағында Абылай хан, Жолбарыс хан, Қасым хан, Жәнібек батыр, Қазыбек бидің және т.б. жерленген жерлері қоршалып, биіктетілген. Кесене мен Жеті Ата қақпасы арасындағы тарихи көлдің ойыстары қайта қалпына келтіріліп, тарихи мешітке апаратын жол, құдық және Ясауидің соңғы 20 жыл өмірін өткізген Қылуетке апаратын ортағасырлық рабаттары мен орталық көшелері қайта жасалуда. Кесененің 88,7 га құрайтын буферлі қорғау аймағында рухани туризм Орталығы құрылуда. Ол жерден осы аумақта орналасқан барлық қастерлі орындарды тамашалауға болады. Ал, абаттандыру алаңының жалпы аумағы 100 гектарға жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *