ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 100 ОТБАСЫҒА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 2 МЛН 160 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІГІН ТАРАТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 100 ОТБАСЫҒА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 2 МЛН 160 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІГІН ТАРАТТЫ

23 просмотров

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 100 ОТБАСЫҒА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 2 МЛН 160 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІГІН ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданында карантин жарияланып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Жергілікті халық арасында үрей де жоқ емес. Осындай қиын жағдайда аудандағы тұрмысы төмен отбасылар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бүгін Жетісай ауданындағы «Алаулы» ЖШС-нің басшысы Болат Тілеужанов пен кәсіпкер Бақтияр Қозыбаев қайырымдылық акциясы аясында аудандағы тұрмысы төмен және көпбалалы 100 отбасының әрқайсысына 20 мың теңгеден тегін азық-түлік таратты.

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 100 ОТБАСЫҒА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 2 МЛН 160 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІГІН ТАРАТТЫ

Қайырымдылыққа жұмсалған қаржының жалпы сомасы 2 млн 160 мың теңгені құрайды. «Бүгінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халық қиындықтарды бастан өткеріп жатыр. Осындай қиын шақта облысымыздың қалталы азаматтары халыққа көмек қолын созуда. Арнайы қорға қыруар қаржы аударып жатқан кәсіпкерлеріміз де аз емес. Біз де осындай игі істен шет қалмай 100 отбасыға аз да болса көмек беруді жөн көрдік. Ең бастысы-індеттің алдын алып, еліміз ауру-сырқаудан аман-есен шықса екен»,-дейді Болат Тілеужанов. Қос кәсіпкер мұнан бөлек 50 отбасыға 50 келілік ұннан да таратып берді. Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 178 мың халық тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *