Түркістандағы қоғамдық көлікке тағы да жаңа бағыт қосылды

Түркістандағы қоғамдық көлікке тағы да жаңа бағыт қосылды

26 просмотров

Түркістандағы қоғамдық көлікке тағы да жаңа бағыт қосылды

Бүгіннен бастап Түркістан қаласына тағы да жаңадан әкелінген SAZ LЕ-60 маркалы 10 автобус №18 бағыттағы қалаішілік жаңа қоғамдық көлік бағытына жіберілген.

№18 бағыттағы «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» автобус бағыты қаланың Тұран ауылы тұсынан бастау алып жаңа «Түркістан автовокзалы аралығында (Қазыбек би көшесі, Б.Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады. Бағыттың бір айналым қашықтығы 31,8 шақырым. Бір айналым уақыты 1 сағат 20 минут. Бағытта 10 кесте (автобус) қызмет көрсетеді. Арақашықтық уақыты 10-11 минут аралығы.Жалпы, Түркістан қаласына алдағы екі ай көлемінде тағы да 20 автобус әкеліп, қоғамдық көлік бағыттары қою жаспарлануда. Егерде, қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттаи орын алса @turkistan109 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *