ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҒАШТАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН СУАРЫЛУДА

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҒАШТАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН СУАРЫЛУДА

35 просмотров

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҒАШТАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН СУАРЫЛУДА

Мамандар Түркістан қаласындағы ағаштарды жаңа тәсілмен суаруда. Бұған дейін арнайы су таситын техникамен суарылған болса, бүгіннен бастап тамшылатып суару әдісінің жандануы нәтижесінде, автоматты жүйе іске асты. Әр қоршауға үш адам қарайлап, ағаштардың толығымен суарылуына және артық шөптерден арылуына жауап береді. Ол үшін ұңғымалар қазылған, сағатына 8 литр су береді.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҒАШТАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН СУАРЫЛУДА



Қала әкімі барған Батыс Еуропа-Батыс Қытай айналма тасжолының екі бетінде бозарша, терек, қараағаш, павлония сынды 22500 ағаш отырғызылған. Мұндай автоматты суару жүйесі С. Ерубаев, С. Қожанов көшелеріне де қойылған. Автоматты басқарудың нәтижесінде мұнда бөлінетін жұмысшы саны азайып, олар қаланың өзге бөлігіндегі суландыру, көгалдандыру жұмыстарының жылдам жүзеге асуына сеп болады.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АҒАШТАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН СУАРЫЛУДА



Қаланы барынша көгалдандыру жұмыстарын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берген Рашид Аюпов көгалдандыру нәтижесінде климаттың жақсара түсетінін алға тартып, жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырып, түс қайта толығымен суарылғанына көз жеткізетінін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *