ТҮРКІСТАНДА ҚАНДАЙ НЫСАНДАР АШЫЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

ТҮРКІСТАНДА ҚАНДАЙ НЫСАНДАР АШЫЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

45 просмотров

ТҮРКІСТАНДА ҚАНДАЙ НЫСАНДАР АШЫЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?


Бүгінгі таңда күнделікті тіршілікпен Түркістан қаласында құрылысы жүргізіліп жатқан көптеген нысандардың ел игілігіне беріліп жатқанын байқамауымыз мүмкін. Себебі, әлемді жайлаған індет салдары құрылысы біткен жаңа жобалардың көпшілікпен бірге лентасын қиюға мұрша бермей тұр. Ендеше қаперіңізде жүрсін деген ниетпен осы күнге дейін іске қосылған және алдағы күндері пайдалануға берілетін нысандардың бастыларын атап өтсек.
Қазіргі күнде облыс әкімдігінің ғимараты, «Нұр-Сұлтан» алаңы, «Алатау» медиа орталығы, олимпиадалық резерв спорт мектебі, «Ақжайық» музыкалық мектебі, Азаматтарға арналған үкімет ғимараты, шығыс моншасы, қабылдау орталығы, музыкалық субұрқақ, амфитеатр, неке сарайы, «Түркістан» Халықаралық автовокзалы ел игілігіне берілді. Енді таяу күндері облыстық басқармалар ғимараты, аумақтық департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, оқушылар сарайы, 7000 орындық «Turkistan Arena» стадионы, жабық бассейні бар спорт кешені, «Жібек жолы» аттракциондар саябағы, ғылыми әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Ясауи мұражайы, драма театр, Тұңғыш Президент саябағы, цифрлық кеңсе, смарт сити байланыс желілері, 900 орындық мектеп, «Түркістан» халықаралық әуежайы тұрғындар үшін есігін айқара ашпақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *