ТҮРКІСТАНДА «ӘЛІ ДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП...»

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛІ ДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП…»

26 просмотров

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛІ ДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП...»Түркістан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия бүгін кезекті отырысын өткізді. Жиналысты ашып, жүргізген шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков күн тәртібіне сәйкес, қала аумағындағы атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.
Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов — «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ауыр қылмыстардың профилактикасы туралы», қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Шалбай Мендібаев — «Көші-қон саласындағы және шет ел азаматтарын жұмысқа тарту кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу», Түркістан қаласы әкімі аппаратының жиындық-талдау бөлімінің басшысы Төлеген Әбдіреев — «Түркістан — қауіпсіз қала» іс-шарасының нәтижесі, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ерасыл Төлебаев — Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу туралы баяндама жасап, қылмыстық көрсеткіштерге әсер етуші факторларды тізбектеді. Алқалы жиынға қатысқан қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Таңғатаров, қалалық «Жас отан» жастар қанатының жетекшісі Жансерік Жұман ойларын ортаға салып, нәтижеге жету жолдарын саралады.
Нұрбол Әбдісаттарұлы Түркістанның «қауіпсіз қала» атануы үшін төгілетін тер мен атқарылатын тірліктің әлі де көп екеніне тоқталып:
— Қылмыстың алдын алу – науқандық емес, жүйелі, тұрақты түрде жүргізілетін шаралар топтамасынан тұруы қажет. Ал, комиссия осы жұмыстарды жетілдіру үшін дер кезінде мәселе көтеріп, кемшіліктерді анықтап, жұмыстың дұрыс бағыттан айнымауын қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан, комиссия мүшелерінен келесі отырыста нақты ұсыныстар күтемін, — деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *